16-шы Қазақстандық Халықаралық Туристік көрмесі

Astana Travel Expo 2022: Туристік нарық мамандарына арналған іскерлік бағдарламаның әртүрлі сессиялары

 

5-7 қазан аралығында алғаш рет «EXPO» ХТО (Нұр-Сұлтан) жаңа локациясында - 16-шы Қазақстандық Халықаралық туристік «Демалыс» көрмесі өтеді, ол өз жұмысын Astana Travel Expo 2022 жаңа брендімен бастайды.

Өз жұмысы барысында бұрын Astana Leisure атауымен өткен Astana Travel Expo көрмесі өзін күзгі-қысқы туристік маусым қарсаңында маңызды кәсіби оқиға ретінде және жалпы алғанда саланың өзекті трендтерін талқылау және жұмыс істеу үшін тиімді нетворкинг алаңы ретінде танытты. Алаң мен шараны ұйымдастырушы мәртебесі 2019 жылы PATA Travel Mart ірі халықаралық іс-шараның операторы болып шығуға мүмкіндік берді.

Ұлттық және өңірлік туристік ұйымдар, туроператорлар, турагенттіктер, авиажелілер, қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс орталықтары көрме экспоненттері болады. Биылғы жылы экспозиция жаңартылған форматта өтеді. Көрменің басты жаңаруы - нарықтың ең өзекті мәселелері мен ұсыныстарын қамтитын, өзекті сұрақтарға жауап беретін, сондай-ақ, астаналық алаңның ресурстарын пайдалана отырып, сапалы кадрлар ұстаханасына айналатын күшейтілген іскерлік бағдарлама.

anons ATE22

Astana Travel Expo іскерлік бағдарламасының контентіне серіктестерден презентациялық сессиялар, жазғы маусымның қорытындылары бойынша семинарлар мен мемлекеттік құрылымдардың жұмыс кеңестері кіреді.

5 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан ҚР өңірлік туризм басқармаларының қатысуымен Туризм мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтеді, SCAT авиакомпаниясы, KOMPAS туроператоры, Discovery Moscow жаңа өнімдердің тұсаукесерін өткізеді. Туристік Қамқор аудиторияға туризм саласындағы мамандар мен туристер үшін жаңа ақпараттық ресурс ұсынады. Көрменің бірінші күні «Туроператордың және турагенттіктің жұмысына заңды көзқарас» семинарымен аяқталады. Спикер ретінде Traveler жетекшісі және идеялық шабыттандырушысы Сабина Омар сөз сөйлейді.

Екінші көрме күнінің бағдарламасы салалық сессиялар мен презентацияларға толы болады. 6 қазанда Halyk Travel және Traveler іскерлік сессия мен семинар өткізеді, оның тақырыбы сала мамандарына қызықты болады. Сарапшылар өз кәсіби құндылығын қалай арттыруға болатынын айтып береді және практикалық кейстер мен жұмыс істейтін лайфхактарды талдайды.  Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова туризмдегі қызмет көрсету сапасын арттыру құралдарына арналған презентацияның спикері болады.

Солтүстік Македонияның Қазақстандағы елшілігі өкілдерінің сөз сөйлеуі де аудиторияның қызығушылығын тудырады.

Жұмыстың соңғы күні, 7 қазан, саланың әлеуетті кәсіпқойларын дамытуға арналады. Traveler «Туризмдегі практикалық тәжірибе – студенттер мен әлеуетті агенттер үшін»  тақырыбында семинар өткізеді, ал Қазақстандық Туристік қауымдастық Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Көрменің Бас Серіктесі - Discover Moscow.

Astana Travel Expo көрмесінің ұйымдастырушысы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен ITECA қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.

Барлық қосымша ақпаратты және қатысушылардың тізімімен толығырақ сайтта танысуға болады: www.travelexpo.kz

Көрме билетін көрме сайтының «КЕЛУШІЛЕР» бөлімінде алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ арқылы промокодты пайдалана отырып алуға болады: ATE22ANONS.